Ян-Кейс Худ:
«Қазақстан мен Нидерланды жылыжай технологиялары, жануарлар денсаулығы, тұқым өндірісінің тұрақтылығы мен бағбандық салаларында әріптестік орнатуда. Бұл ынтымақтастықтың басталуына екі жақтың өзара қызығушылығы мен ынтасы себеп болды деп сеніммен айта аламын».
«Көрме барлық үмітімізден асып түсті. Біз алғаш рет қатыстық және мен Netherlands Day форумында сөз сөйлеу құрметіне ие болдым. Бізбен бірге келген 10 кениялық өндіруші де шараның ауқымы мен ұйымдастыру деңгейіне таң қалды. Жеке өзім 50-ге жуық клиент және гүл бизнесінің өкілдерімен таныстым — бұл біз үшін өте құнды тәжірибе болды».
«Jasyl Astana 2025 — бұл тәжірибе алмасу, заманауи шешімдерді талқылау және қалаларды көгалдандырудың жаңа тәсілдерін қалыптастыру үшін маңызды алаң. Астанада өтуі — символдық мәнге ие, себебі қала инфрақұрылымды экологиялық және тұрақты принциптерге сүйене отырып дамытуды жалғастырып келеді».
«Көрме нәтижесіне өте ризамыз. Келушілердің 80%-дан астамы — мамандар. Бұл көрменің іскерлік байланыстар орнатуға арналған мақсатты шара екенін дәлелдеді. Мен үзіліссіз дерлік клиенттермен сөйлестім — өте өнімді болды. Tulip Talks сессиясы да сәтті өтті. Географиялық әртүрлілік пен қатысушылардың белсенділігі тақырыптардың өзектілігін және мазмұнның практикалық құндылығын көрсетті» деп айтты.
«Astana Greenhouse Forum жылыжай бизнесі мен мемлекеттік органдар арасындағы конструктивті диалог үшін маңызды алаңға айналды. Алғаш рет біз тиісті министрліктермен маңызды мәселелерді тікелей талқыладық. Мұндай кездесулер отандық жылыжай бизнесін қорғау мен дамыту бойынша тиімді шаралар қабылдауға көмектеседі деп сенемін».