Пресс релизы KZ

Аграрлық инновациялар және селекция: Қазақстан мен Нидерланд өзара ынтымақтастықты күшейтуде

Гаагада Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері аграрлық даму саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесулер өткізді, деп хабарлайды Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі. Тараптар тұрақты агротехнологияларды дамыту, өндіріс тиімділігін арттыру, инновацияларды енгізу және ғылыми-зерттеу бағыттарын кеңейту мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстанның Жаңа өсімдік сорттарын қорғау жөніндегі халықаралық одаққа (UPOV) қосылу үдерісі де қаралды. Нидерланд сараптамалық қолдау көрсетуге және тиісті заңнаманы үйлестіруге дайын екенін білдірді.
Ортақ жұмыс тобының келісімдерінің орындалу динамикасы оң бағаланып, алдағы жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Аграрлық секторға мамандар даярлау және білім беру бағдарламаларын кеңейту мәселелері талқыланды. Тараптар академиялық алмасу, тағылымдамалар және бірлескен бастамаларды дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Источник: Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Елшілігі