Шымкентте жылына 36 мың тонна көкөніс өндіретін жылыжай кешені салынады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Қаратау ауданында құны 69 млрд теңге болатын заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Жобаның бастамашысы және негізгі инвесторы — Польшаның «Fabe-Agro» компаниясы.
Жоба 144 гектар аумақта жүзеге асырылуда. Қазір нысанда инженерлік коммуникацияларды жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Кешен көкөністерді, бақша дақылдарын, тамыржемістер мен түйнектерді өсіруге бағытталған.
Жоба толық қуатқа шыққан кезде жылына 36 мың тоннаға дейін өнім өндіріледі. Жобаны толық іске асыру 2028 жылға жоспарланған.
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі